Авиациялық имитациялық бомба (АИБ) — әскерді оқытып үйрету кезіндегі ядролық жарылыстың орталығын көрсетуге арналған бомба түрі. Ол жарғыш зарядпен, сұйық жанармаймен жабдықталады. Олардың жарығы ядролық жарылыстың жарықтанған аумағын елестетеді. Бомба, сондай-ақ, саңырауқұлаққа ұқсас түтінді бұлт жасау үшін қолданылатын ақ фосформен жабдықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Авиациялық бомбалар