Алғашқы медициналық жәрдем жасағы — жараланғандар мен ауруларды қабылдауға, сұрыптауға, білікті медициналық көмек көрсетуге, көлікпен алып жүруге келмейтіндерді уақытша госпитальдауға, жеңіл жараланғандарды, 5-10 тәулік мерзімде сауығатындай науқастарды емдеуге, басқаларын одан арғы эвакуацияға даярлауға арналған жеке медициналық жасак, жылжымалы медициналык мекеме. Алғашқы медициналық жәрдем жасағы эвакуация жолында не зақымдану ошағы маңында құрылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс