Артиллериялық барлау — тактикалық ракетадан соққы беру және артиллерия атысын дайындап жүргізу мүддесінде қарсыластың объектілері (нысаналары) туралы мәлімет жинау.

Ол — тактикалық барлаудың кұрамды бөлігі.

Артиллериялық барлау міндеттері:

қарсыластың ядролық шабуыл жасау құралдарының, оның артиллериясы, минааткыштары, танктері, танкіге қарсы құралдары, басқару пунктгері және тағы басқа объектілерінің координаттарын анықтау және табу;

жоюға белгіленген объектілерді (нысаналарды) қайта барлау;

жергілікті жер және метеожағдайлар туралы мәлімет жинау (анықтау);

өз артиллериясынан ату және тактикалық ракетадан соққы беру нәтижелерін бақылау;

атысты дәлдеу үшін мәлімет беру.

Артиллериялық барлау жүргізу үшін артиллериялық командалық бакылау желісі және бақылау пункттері, жылжымалы бақылау пункттері, дыбыстық және радиотехникалық барлау постары, радиолокациялық станция позициялары, сондай-ақ артиллериялық барлау топтары жіберіледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Тағы қараңыз Артиллерия

Дереккөздер

Санат:Артиллерия