Ауа өткізбейтін есіктер (Герметические двери) — паналау ғимараттарына радиоактивті, улы және бактериялық заттар кірмеуі үшін кіру есіктерін, тамбурларды, тамбур-шлюздерді, апаттық шығу жолдарын тығыздап жабуға арналған темір және ағаш құрастырмаларынан жасалған құрылғы. Паналау ғимараттарына әдетте көлемі 89 х 189 см немесе 126 х 206 см темірден жасалған ауа өткізбейтін есіктер орнатылады. Есіктің ішкі айналасына резинадан тығыздама бекітіледі, ол есік пен оның жақтауы арасындағы барлық саңылауларды бітеуге мүмкіндік береді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс