right|thumb| alt=A.|200 px|Дәстүрлі дастарқан жаю Дастарқан жаю — үстелді таңертеңгі, түскі, кешкі және мерекелік асқа дайындау барысында ыдыс-аяқтардың, құрал-аспаптардың, мата майлықтардың орынды қойылуы.

Негізгі талаптар Дастарқан жаюда қойылатын негізгі талаптар: тамақтану түріне сәйкес болуы (таңертеңгілік ас, бизнес-ланч, түскі немесе кешкі ас); эстетикалық бағытта болуы (тәрелкелер мен дастарқанның бір-біріне сай болуы); дастарқанға қойылатын заттардың залдың интерьеріне сай болуы. дастарқан құрал-жабдықтарының орналасу тәртібінің сақталуы; Дастарқан жаюдың реттілігі: үстелдің бетіне дастарқан төсеу; тәрелкелерді қою; құрал-аспаптарды қою; шыны ыдыстарды қою; майлықтармен сәндеу; дәмдеуіштерге арналған құралды қою; құмырамен гүл қою.

Тамақтану мезгілі бойынша дастарқан жаю Таңертеңгілік ас дастарқаны Таңертеңгілік ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі: үстел шетінен 5—10 см қашықтықта негізгі тәрелке; сол жағынан дөңес жағын төмен қаратып шанышқы (қуырылған жұмыртқа болғанда) немесе дөңес жағымен төмен қарай қасық (ботқа болған жағдайда): тәрелкенің оң жағынан жүзін ішке қаратып пышақ; негізгі тәрелкенің оң жағынын қиғаштай шай ыдысы қасықпен; негізгі тәрелкенің сол жағынан нан, тоқаш немесе майға арналған қосымша тәрелке (майға жеке пышақ тәрелкенің шетіне қойылады).

Түскі ас дастарқаны

Түскі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі: көлемі кішірек жалпақ тәрелке оның үстіне көжеге арналған шұңғыл тәрелке; тәрелкенің оң жағынан пышақ, қасық және шанышқы; тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан; негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал; негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасына ; бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар; Көже ішілген соң шұңғыл тәрелкелер жиналып, босаған жалпақ тәрелкеге негізгі ыстық тағам салынады.

Кешкі ас дастарқаны Кешкі асқа арналған үстелдің бетін түрлі-түсті дастарқанмен жабуға болады. Кешкі астың жабдықтарының түскі астан айырмашылығы шұңғыл тәрелкелердің болмауы. Кешкі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі: көлемі кішірек жалпақ тәрелке; тәрелкенің оң жағынан пышақ, шанышқы; тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан; негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал; негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасында ; бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар; Печенье салынған және тосап құйылған ыдыстардың, тосап салып алатын розеткалардың, лимон салған тәркелердің орны - үстелдің орта тұсы. Шай ыдыстары мен ақ құман шай құюшының жанында болады.

Мерекелік дастарқан жасау Мерекелік немесе кешкі қонақасыға арналған үстелдің үсті ақ дастарқанмен жабылады. Үстел үстіне гүл (аласа әрі кең құмыраға салынып) қойылады. Үстелдік орта тұсында жеміс салынған ыдыс, сауыттағы бұрыш, қыша, сірке суы, тұз қойылады. Салқын тағамдар ортаға жақын жерге, нан салынған ыдыстар үстелдің әр бұрышына орналасады. Әр түрлі сусындар үстелдің ұзынынан жарма ортасын бойлай тұрады. Үстел бетіне арақашықтығы бірдей етіп негізгі тәрелкелер қойылады. Кішкене тәрелкенің үстінен салқын тағамға (немесе басытқы (закуска) арналған ыдыс, оның сол жағынан майға пісірілген тағамға арналған ыдыс орын алады. Пышақ, қасық, шанышқылардың орналасуы күнделікті тәртіппен қойылады. Ерекше салтанат кезіндегі дастарқанды жасағанда әдеттегі асхана ыдыс-аяғына салқын тағам мен балық салатын ыдыстар қосылады, асханалық шанышқылардың жанына балық пен салқын тағам үшін бөлек пышақ қойылады. Сусынға арналған бокал немес фужерлердің орны - тәрелкенің тұсы. Десертке арналған құралдарды сусын ыдыстарынан кейін орналастырады. Десерттік пышақ, қасық, шанышқыларды десерттік тәрелкелермен бірге береді.

Майлықтарды сәндеу

Дастарқан жаю түрлері right|thumb| alt=A.|180px|Фуршеттік дастарқан Тәңертеңгілік ланч Түскілік Кешкілік Банкеттік Фуршеттік Шай ішуге арналған Кофе ішуге арналған

Тағы қараңыз Тамақтану Дастарқан мәзірі Асханалық құралдар

Дереккөздер

Дереккөздер

"Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д) Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Санат:Мәдениет Санат:Үй тұрмысы Санат:Тағамдар Санат:Тұрмыс