Асшаян () – он аяқты омыртқасыз шаян тәріздестер отряды. Ұзындығы 2—30 см-ге дейін. Теңіздерде және тұщы суларда өмір сүреді. Асшаян жеуге жарамды теңіз шаяны.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Жеуге жарамды асшаяндар Көптеген шаянтәріздестер адамзат пайдасына асады, 2007 жылы олардың, шамамен 10 700 000 тоннасы өндірілген. Олардың басым бөлігі онаяқты шаянтәріздестер: шаяндар, омарлар және асшаяндар. Тұтыну үшін ұсталатын барлық шаянтәрізділердің 60%-ын асшаяндар құрайды, олардың 80%-ы Азияда өңделеді. Қытайдың өзінде-ақ дүниежүзі бойынша аса ірі мөлшерде шаянтәрізділерді экспорттайды, тағам өндірісіне пайдаланылады. Онаяқтыларға жатпайтын шаянтәрізділердің кәсіптік маңызы төмен. Мәселен, әлемдегі ең үлкен биомасса екендігіне қарапмастан, крильдің 118 000 тоннасы ғана ауланады екен. Жануарлар туралы үлкен энциклопедия.-Алматы: "Аруна" баспасы. ISBN 978-9965-26-555-6

Дереккөздер

Санат:Асшаяндар