Бердібек Тұрарбеков (1940 жылы туған, Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) – дәрігер.
Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) бітірген (1964). 1964 – 1966 жылдары ауылдық аурухананың бас дәрігері 1966 – 1972 жылдары Маңғыстау ауданы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі 1972 – 1988 жылдары Жаңаөзен ауданы аурухананың бас дәрігері 1984 – 1992 жылдары Маңғыстау облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі 1992 – 1999 жылдары Маңғыстау облысы ұлттық спорт комитетінің төрағасы 1999 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ денсаулық, физкультура және спорт басқарма бастығы.
Қоғамдық қызметі Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конференциясының (1978) Бүкілодақтық дәрігерлер съезінің делегаты (1988).
Марапаттары «Құрмет белгісі» ордені ҚР Президентінің Құрмет грамотасы.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:1940 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері