Жаным ҚұлманқызыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;(1902, Маңғыстау ауданы ,Ұланақ елді мекені – 1986) – халық емшісі, шоңай Бекбаулы атаның ұрпағы 13 жасынан бастап емшілікпен айналысқан. 1941 – 1965 жылдары Алматы қаласында тұрған. 1965 – 1986 жылдары Маңғыстауға келіп, емшілік жолын жалғастырған. Ауруды тамыр ұстап білетін болған. Қан қысымының көтерілуі, белсіздік, құяң, жүйке ауруларын емдеген. Маңғыстаудың емдік шөптерін, әсіресе, адыраспанды емге пайдаланған. Халық арасында «Қалпе бақсы әже» атанған. Жаным әже Қошқар ата қорымында жерленген. Дереккөздер
Санат:Тұлғалар