Борт аппаратурасы— ұшақта, тікұшақта, кемелерде, ракетада орналастырылатын және автономды түрде де, автономсыз да жұмыс істейтін радиоэлектрондық аппаратура кешені. Ракетаның қызметі мен класына байланысты оның борт аппаратурасы ұшуды стабилизациялау, траекторияны өзгерту туралы бағыттау жүйесі арқылы ракетаға жіберілетін комаңдаларды орындау, ракетаны автономды басқару үшін колданылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс