Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олардың қызметіне басшылық жасау кіреді.ҚРК, 5 тарау Премьер-министр өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Құрылтайдың алдында жауапты.
Тарихы Премьер-министр лауазымы 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Министрлер Кеңесі Төрағасы лауазымының орнына енгізілді.
Қазақ КСР-нің премьер-министрі қызметін алғаш Ұзақбай Қараманов атқарған болса, Қазақ КСР-нің соңғы премьер-министрі және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко болды.
Өкілеттіктері Премьер-Министр үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді, үкімет қаулыларына қол қояды, үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде президентке баяндап отырады және үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.
Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан премьер-министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Премьер-министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығара алады.
Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Құрылтай алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Құрылтай сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Құрылтай Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.
Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Қазақстан премьер-министрлерінің тізімі
Премьер-министрлер
№СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыПрезиденті ҮкіметіРуы199px20 қараша199014 қазан1991КОКПҚарамановӘлімұлы, Шекті299px16 қазан199110 желтоқсан1991ПартиясызТерещенко199px10 желтоқсан199111 қазан1994ПартиясызНұрсұлтан НазарбаевТерещенко299px12 қазан199410 қазан1997Халық бірлігіҚажыгелдинУақ, Шоға399px10 қазан19971 қазан1999Халық бірлігіБалғымбаевБайұлы, Ысық—99px1 қазан199912 қазан1999ОтанТоқаевЖалайыр, Күшік412 қазан199928 қаңтар2002599px28 қаңтар200211 маусым2003ОтанТасмағамбетовБайұлы, Жаппас–11 маусым200313 маусым2003699px13 маусым20038 қаңтар2007ОтанДаниал АхметовАрғын, Қанжығалы–8 қаңтар200710 қаңтар2007799px10 қаңтар200724 қыркүйек2012Нұр ОтанI Мәсімов899px24 қыркүйек20122 сәуір2014Нұр ОтанСерік АхметовАрғын, Қуандық99px2 сәуір20148 қыркүйек2016Нұр ОтанII Мәсімов–99px8 қыркүйек20169 қыркүйек2016Нұр Отан–Ошақты99 қыркүйек201621 ақпан2019Сағынтаев–99px21 ақпан201925 ақпан2019Нұр Отан–Арғын, Қанжығалы1025 ақпан20195 қаңтар2022I МаминII Мамин–99px5 қаңтар202211 қаңтар2022Аманат–Қаңлы, Қара қаңлы1111 қаңтар20225 ақпан2024I СмайыловII Смайылов – 99px 5 ақпан2024 6 ақпан2024 Аманат – 12 99px 6 ақпан2024 Партиясыз I Бектенов II Бектенов
Тағы қараңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары
Дереккөздер
Санат:Қазақстан премьер-министрлері