Бибігүл Жапарқызы Түрікпенбаева (1965 жылы туған, Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылы) – ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1993), профессор (2005).

Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік университетін (1988) бітірген. 1988 – 1990 жылдары Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы 1993 жылдан АқтМУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми жұмыстары Түрікпенбаеваның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты гелиотехнологияның, экология және экономика жүйелер динамикасының, математикалық экономика мен есептеуіш техниканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. 2006 жылы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және педогогикалық еңбектері жоғары бағаланып, ҚР Ғылым және білім министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын жеңіп алды. 3 оқу құралының, 23 электрондық оқулықтың, 47 оқу-әдістемелік құралдардың, 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Дереккөздер

Санат:1965 жылы туғандар Санат:Түпқараған ауданында туғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының кандидаттары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Атырау мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Ақтөбе мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақстан математиктері Санат:Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессорлары