Инженерлік ахуал (Инженерная обстановка) — әскерлердің ұрыс міндеттерін және ұрыс қимылдарын инженерлік камтамасыз ету міндеттерін орындауға әсер ететін факторлар мен жағдайлар. Инженерлік ахуалға инженерлік өскерлердің (өздерінің және қарсыластың) құрамы, топтастығы мен мүмкіндіктері, қолданылатын кұралдар, ұрыс қимылдары алабындағы жергілікті жердің инженерлік жабдықталу сипаты мен физикалық-географиялық жағдайлары (бүркеніш және қорғаныш касиеттері, өтімділік пен танк өтімділігі, жолдар мен өткелдердің жағдайлы болуы, табиғи кедергілердің жағдайы мен сипаты, сумен қамтамасыз ету); аумақтық әскери-экономикалық базаның болуы мен оны қолдану мүмкіндігі, объектілер мен атом энергиясы, химия өнеркәсібі өндірістерінің, гидротехникалық құрылыстардың қирауы, қарсыластың ядролық және жоғары дәлдікті қару қолдануынан жергілікті жерде болатын ықтимал өзгерістер. Инженерлік ахуалда радиациялық, химиялық, биологиялық, бактериялық, радиәэлектрондық жағдайлар қамтылады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс