«Қазақ қызметкерлерінің міндеті», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. 1921 ж. жазылған.

Мұнда автор оқыған азаматтарды белсене іске жұмылуға шақырады. Олардың мақсаты:

деп ұғындырады. Бұл міндеттерді мойнына алмаған қызметкерлер қазақ азаматы емес, ел қамын ойламайды деген тұжырымға келеді. Оқу жұмысының қолға алынбай жатқандығын, не қалада, не қырда мектеп үйі жоқтығын, қазақ жігіттерінің қолөнерді үйренуінің жолға қойылмағандығын айтып, «Бүгінгі зор міндет» мақаласында ұсынған шаралардың орындалмай отырғанына күйініш білдіреді. Ілгеріректе айтқан ұсыныс, ойларын әрі қарай ербітіп, Әуезов баспасөз туралы да өткір сыни пікір айтады. Өйткені :. 20-жылдары Әуезов жаңа орнаған кеңес өкіметі қызметтерінде жүріп-ақ, қазақ ұлты үшін пайдалы қызмет атқаруға болады деген бағыт ұстанады. Сол ойын осы мақаласында басқа оқыған қызметкерлерге де жеткізуге тырысқан. Мақала алғаш рет Қазақ тілі газетінің 1921 ж. 14 қаңтардағы 115-ші санында жарияланған. Мақалаға «Мухтар» деп қол қойған. Жазушының, 20 томдық шығармалар жинағының 15-кітабына сол қалпында көшіріліп басылған.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:Мұхтар Әуезов мақалалары