Катран (крамбе, теңіз қырыққабаты) — көп жылдық крестігүлділер тұқымдасына жата-тын, Ресей теңіздерінің жағалауларында және Батые Еуропада өсетін өсімдік. Көктемгі жапырақ сабақтары спаржа тәрізді көкөніс. Тағамға татар катранының балғын бұтақшалары, шығыс катранының шикі жапырақтары қолданылады. Қырымда катранның диаметрі 3— 7 см болатын тамырларын ертеден тағамға пайдаланады. Қырым катраны емдік қасиеті жағынан түбір тамыр тәріздес, ал химиялық құрамы жағынан одан жоғары. А, С, В, Р, В2, Р2 витаминдері мол. Аспаздықта катран тамыры шикілей және консервіленген күйінде пайдаланылады, оларды әр түрлі соустарға, салаттарға, қияр тұздағанда салады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Дереккөздер
Санат:Орамжапырақтар