Қоспа дайындайтын құрылғы (Смесеприготовительная установка) — қорамалау материалдарын араластыруға және дайын қоспаларды шанақтарға бөліп салуға арналған машиналар мен құрылғылардың көлік құралдарымен байланыстырылып тұйықталған тізбегі. Қоспа дайындайтын құрылғы жұмысы белгіленген цикл бойынша автоматты түрде атқарылады. Операциялар электромеханикалық уақыт реле белгілейтін не басқарғыш-бақылағыш аппараттың немесе электрондық басқару кешенінің белгілейтін мерзіммен кезекте жүргізіледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау