Жамбыл ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4,3 мың км². Аудан орталығы – Аса ауылы.
Географиясы Солтүстігінде Талас ауданымен, батысында Жуалы ауданымен, шығысында Байзақ, Тұрар Рысқұлов аудандарымен және Тараз қаласымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Аудан жері таулы (Қаратау мен Қырғыз Алатауының түйіскен жері), қыратты (орт.), солтүстікке қарай жазық келеді.
Климаты Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –6 – 7°С, шілдеде 22 – 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250 – 400 мм. Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т.б. өседі. Ақбөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т.б. мекендейді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т.б.) өндіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156,4 мың га, шабындығы 7,2 мың га, жайылымы 325,5 мың га. Аудан жерімен Шымкент – Тараз, Тараз – Қаратау – Жаңатас т. ж., Шымкент – Тараз, Тараз – Ақкөл – Саудакент автомобиль жолдары өтеді.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 31394 41051 52919 59983 69335 69966 73313 86564 Тұрғыны 82 902 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (70,20%), дүнгендер (9,79%), күрдтер (6,08%), түріктер (5,07%), орыстар (4,15%), басқалары (4,72%).
Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 31 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Айша бибі ауылдық округі 5423 5844 107,8 2781 3029 108,9 2642 2815 106,5 Ақбастау ауылдық округі 1864 2052 110,1 927 1077 116,2 937 975 104,1 Ақбұлым ауылдық округі 3084 3857 125,1 1512 1925 127,3 1572 1932 122,9 Аса ауылдық округі 9048 13496 149,2 4462 6869 153,9 4586 6627 144,5 Бесағаш ауылдық округі 6012 6879 114,4 2981 3493 117,2 3031 3386 111,7 Гродеков ауылдық округі 6167 7227 117,2 3047 3605 118,3 3120 3622 116,1 Ерназар ауылдық кругі 1633 1563 95,7 813 810 99,6 820 753 91,8 Жамбыл ауылдық округі 7239 7874 108,8 3590 3976 110,8 3649 3898 106,8 Көлқайнар ауылдық округі 2994 3100 103,5 1542 1608 104,3 1452 1492 102,8 Қаракемер ауылдық округі 2404 2584 107,5 1228 1340 109,1 1176 1244 105,8 Қараой ауылдық округі 4716 6362 134,9 2323 3240 139,5 2393 3122 130,5 Қарасу ауылдық округі 1913 1941 101,5 972 1004 103,3 941 937 99,6 Қаратөбе ауылдық округі 4103 5671 138,2 2040 2911 142,7 2063 2760 133,8 Қызылқайнар ауылдық округі 4934 5008 101,5 2482 2536 102,2 2452 2472 100,8 Өрнек ауылдық округі 2516 2535 100,8 1263 1305 103,3 1253 1230 98,2 Полатқосшы ауылдық округі 8394 9833 117,1 4148 4961 119,6 4246 4872 114,7 Тоғызтарау ауылдық округі 869 738 84,9 454 389 85,7 415 349 84,1 ЖАЛПЫ САНЫ 73313 86564 118,1 36565 44078 120,5 36748 42486 115,6
Тарихы Аудан 1928 жылы Әулиеата ауданы атымен (шамамен 946-992 жж. өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулиеата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесінің құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулиеата қаласында болған. Бұл - Кеңестер Одағының жер-жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы 1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда, Түркістан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырзабала» атаған. Мирзоян 1938 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 1 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі беріледі.
«Ұлы жұт» - ашаршылықтан кейінгі 1933 жылы аудандағы колхоздардың саны 60-қа жетті. Алайда ауыл шаруашылығы өндірісін жетік білетін маман кадрлар, құрал-сайман жетіспеді. «Жүк ауырын нар көтереді» деген, осы тұста елдің белін көтеріп, колхоз қабырғасын өруге Құлманбаев, Б.Кейкиев, Б.Тайшапов, А.Байзақов, Үкібаев сияқты арда азаматтар келіп, қыруар шаруаның қыл-шылбырын есті, үлкен ұйымдастырушылық іс жүргізді.
1938 жылдың наурызында Жамбыл ауданының құрамынан Свердлов, Луговой аудандары бөлініп шықты. Сол кезде ауданда 6 селолық совет, 40 колхоз, 4 совхоз, 2 МТС болды. Колхоздар мен МТС-терді ұйымдық жағынан нығайту, олардың материалдық-техникалық базасын күшейту нәтижесінде егіс көлемі, мал саны едәуір көбейді, ауыл шаруашылығы өнімі арта түсті.
1939 жылдың 14 қазанында Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлініп шығып, өз алдына облыс болып құрылды. Жамбыл ауданы осы облыстың құрамында қалды. Орталығы да Жамбыл қаласының өзінде болды. Осы жылы ауданның құрамында Ақбұлым, Ақжар, Ақкөл, Аса, Берікқара, Бесағаш, Билікөл, Головачевка, Гродеково, Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек, Қостөбе, Полатқосшы сияқты 15 ауылдық кеңес жұмыс істеді.
Елуінші жылдары экономикасы әлсіз колхоздар ірілендіріліп, 1956 жылы техникамен жарақтанған қуатты 14 колхоз аудан әлеуетін дамыту жолына түсті. Ал жетпісінші жылы ауданда даму жолынан өткен 6 колхоз, 11 совхоз болды. Шаруашылықтардың барлығы қуаттана түсті. Мысалы «Ақкөл» колхозының өзінде 30-дан астам трактор, 15 комбайн, 40 автомашинасы мен басқа техникасы жыл сайын қыруар пайда табуға мүмкіндік берді.
Киелі топырақ ұлылық туғызбай қоймайды. Ауданды әр кезеңде қазақтың озық ойлы, зиялылары басқарып, ауданның экономикасының көтерілуіне үлестерін қосты. Х.Баймуханбетов – аудандық партия комитетінің алғашқы бірінші хатшысы. Одан кейінгі аудан тізгінін ұстаған Күләш Әскеева кейін облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары және басқа да басшы қызметте болды. Өткен ғасырымыздың елуінші жылдарының соңына қарай аудан тізгігін ұстаған Т.Ақбозовты, одан кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ш.Қалдыбаевты аудан халқы үнемі еске алып, олардың жақсы істері жайлы әлі күнге әңгімелеп отырады.
Алпысыншы жылдардың басында Жамбыл ауданы таратылып, Жуалы, Байзақ (ол кезде Свердлов) аудандарының құрамына берілді. Арада екі жыл өткеннен кейін 1966 жылдың қысында Жамбыл ауданы қайта құрылды. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Ыбыраев, аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы болып Ә.Сандыбаев тағайындалды. Жаңадан құрылған ауданды бұлар қысқа мерзім ішінде аяғына қойып, облыстағы алдыңғы қатарлы аудандарының санатынан көрінді. А.Аширов, В.И.Ким, А.Л.Костянкин сияқты білікті азаматтар өздеріне сеніп тапсырған ұжымшарлардың дәулетін шалқытып, бай шаруашылықтар қатарына жеткізді. Әнуарбек Сандыбаев аудан тізгігін он жылдай ұстады. Ол кісі тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік жағдайын көтерді. Әнекеңнен кейін ауданды С.Қожақанов, Т.Б.Мүсіралиев, Зайцев, Ю.Н.Морозов, В.И.Синельников, Д.Тоқбергенов, Ә.Әсілбеков, М.Байгедиевтер басқарды. Халықтың ажары осындай халық бағбаны атанған зиялы азаматтармен ашық екен. Бұлардың қай-қайсысы болмасын өздеріне тапсырылған жұмыстарды мінсіз атқарып, аудан жұртшылығының есінде қалды. Қазіргі таңда ауданды Жуалы ауданының перзенті М.А.Дүйсембаев басқаруда. Бұлардың қай-қайсысы болмасын аудан экономикасын көтеріп, халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге күш салды.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы құйынды да дүрмекті күндерді, дүние тамұқтың отына оранған зұлмат кезеңді, аудан халқының бастан кешіргені белгілі. Ел енді-енді еңсесін көтеріп, жағдайы түзеле бастағанда батыстан соққан қара дауыл талай кеудедегі көктемнің қызғалдағын жұлып кетті. 1941 жылдың 22 маусымы күні басталған қанқасап соғыстың салған лаңын күні бүгінге дейін кәрі де, жас та ұмытқан жоқ. 1418 күн мен түнге ұласқан, өмір мен өлім айқасқан, бораған оқ ішінде жүріп, сол соғыстан елге аман оралған ардагерлеріміздің қатары да жылдан жылға сиреп келеді.
Сол сұрапыл жылдары ерен ерлік үлгісін көрсетіп, есімі бүкіл одаққа тараған аудан азаматтары да болды. Құралайды көзден атқан мерген Ыбырайым Сүлейменов Қазақстанда жасалған 101 бригада құрамында соғысып, Новель қаласының түбінде ерлікпен қаза тапты. Бір өзі 280 немістің көзін жойды. Қайтыс болғаннан кейін оны Кеңестер Одағының Батыры атағын беруге ұсынды. Қазір батыр атында Таразда үлкен көше бар.
Ыбырайым Сүлейменов соғысқа дейін Жамбыл МТС-де тракторшы болып жұмыс істеген. Жыл сайын жазда егін орағына қатысып, тындырылымдығымен, өжеттілігімен ұжымшар басшылары мен колхозшылардың көңілінен шығып отырған екен. Оны көзі көргендер күні бүгінге дейін жыр етіп әңгімелейді.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін ел еңсесі көтеріліп еңбекке деген құлшынысы артты. 1949 жылға дейін 16 адамға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, 54 еңбеккер Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 21 адамның омырауында Ленин ордені жарқырады. 103 адам «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері атанды. Бәйгелді Кейкиев басқарған «Кеңестөбе» колхозының өзінен 8 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы ауылдың даңқын аспандатып тастады. Олар: Науат Егембердиева, Міртай Бейсалиев, Рысқұлбек Тұрғынбаев, Шынтас Тілеубаев, Күртібай Жанбосынов, Тастемір Дәуренбеков, Поштабай Қырбасов. Осы кезеңде ауданның басқа ұжымдарынан да одақтағы ең құрметті атақты иеленгендер аз болған жоқ. Солардың қатарында Күлімжан Күтімова, Сейдуалы Есімов, Әзімбек Ысмайылов, Мариям Мырзахметова, Түйте Пірімқұлов, Ысқақ Сүлейменов, Серафима Васильевна Таркаева, Әжібай Тілеубердиев, Патыш Юнусова, Жәнібек Жанталиев, Ақын Жақсылықов, Мария Тимофеевна Енькова (Радченко), Сәрсен Қазанғапов, Әбден Батыров сынды қиын шақта ел байлығын еселеген абзал азаматтар бар.
Жібек жолының бойына орналасқан Жамбыл ауданы соғыстан соң ел экономикасын көтеруге, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бір жола көшті. Ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, ірілендірілді. Аудан орталығы Аса ауылына көшіріліп әкелініп, енді жұмыс істей бастаған шақта, 1963 жылы Қазақ КСР Кеңес Президиумының Жарлығымен аудан таратылды. Ауданның Аса, Бесжылдық, Билікөл, Головачевка, Ерназар, Есентөбе, Қаратөбе және Көлқайнар селолық кеңестері Жуалы ауданына, Бесағаш, Гродеково, Қостөбе, Полатқосшы селолық кеңестері Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының құрамына берілді.
1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Жамбыл ауданы қайта құрылып, орталығы Жамбыл қаласы болып белгіленді. Ауданның құрамына Аса, Головачевка, Ерназар, Қаракемер, Қаратөбе селолық кеңестері Жуалы ауданынан, Бесағаш, Гродеково, Жамбыл, Көлқайнар, Пионер және Полатқосшы селолық кеңестері Байзақ ауданынан қайтарылып берілді. Аудандық партия комитетінің 1-хатшысы болып бұған дейін облыстық тәжірибе стансасының директоры болған Нұртаза Ыбыраев сайланды. Аудандық атқару комитетінің төрағасы болып бұрын Жуалы аудандық партия комитетінің, кейіннен ауатком төрағасының бірінші орынбасары болған Ә.Сандыбаев аудан экономикасын жақсарту жұмысын білікті маман кадрлар дайындаудан бастады.
1973 жылдан Аса ауылы аудан орталығы.