thumb Глосса ( - тіл)- бір мәтінде түсініксіз, көне я диалекттік сөздердің немесе сөйлемшелердің аударуы немесе түсіндіруі. Интерлинеарлы глосса - түсініксіз, көне я диалекттік сөздердің немесе сөйлемшелердің астында жазылған глосса. Маргиналды глосса - қолжазбаның немесе кітаптың басылымдарында жол шетінде жазылған глосса. Глоссарий ( - глоссалардың сөздігі) - ескі текстегі түсініксіз сөздерме берілген түсінік, сөздік. Глоссема ()- мағынасы, мәні бар нәрсенің бәрі. Глоссемантика ()- лингвистикалық теория (структурализмдың бағыттардың бірі). Бұл теория бойынша тіл қарым-қатынастар жүйесі деп саналады. Ол нақты мағыналарға (жеткізу өресінде) және нақты дыбыстарға (мазмұн өресінде) байланысты емес.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
Дереккөздер
Санат:Лингвистика