right|200px Дмитрий Рябуха (1922, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Преображенка селосы-1973) - балалар жазушысы.

1940 жылы Семей қаласында бір жылдық мұғалімдер курсын бітіріп, мектепте ұстаздық еткен. 1952 жылдан журналистік қызметке ауысып, «Учитель Казахстана»газетінде әдеби қызметкер, «Советский Казахстан» (қазіргі «Простор») журналында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редактор боп қызмет істеген.

Ақынның «Колхоз даласы» («Колхозное поле») атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы шықты.

Содан кейінгі жылдар да «Дорогой мира», «Новоселы», «Малыши», «Навстречу жизни», «О тех, кто рядом», «Маляр небесных тор», «Сказка о правде», «Свирель Аман-жола», «Мы на земле не гости», «Фигуры с натуры», «Чиликане» атты өлең кітаптары мен сурет кітап-шалары жарық көрді.

А.Тоқмағамбетовтің, М.Хакімжанованың, Ж.Саинның, С.Мәуленовтің, Қ.Сатыбалдиннің көптеген өлеңдерін орыс тіліне аударды.

«Үлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен, БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5

Дереккөздер

Санат:1922 жылы туғандар Санат:Көкпекті ауданында туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан балалар жазушылары Санат:КСРО ақындары Санат:КСРО жазушылары Санат:Қазақстан ақындары Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері