Ораз Әлиұлы Жандосов (26 қазан 1961 жыл, Алматы) — қазақстандық экономист, кәсіпкер, мемлекет және қоғам қайраткері.

Ұлы жүздің Шапырашты руынан.https://camonitor.kz/756-.html Қазақ КСР халық ағарту комиссары Ораз Қыйқымұлы Жандосовтың немересі.

Білімі 1983 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1987 ж. осы оқу орнының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері (1987-1991) ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, бөлім меңгерушісі (1991-1993) ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары — Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттік төрағасы (1993-1996) ҚР Ұлттық Банкі төрағасы (1996-1998) ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы (1998-1999) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Қаржы министрі (1999) «KEGOC» ААҚ президенті (1999-2000) ҚР Премьер-министрінің орынбасары (2000-2001) ҚР Президентінің көмекшісі (2003)Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3 ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы (2003-2004)

Қоғамдық қызметі «ҚДТ» қозғалысының саяси кеңесінің мүшесі (2001-2002) «Ақ жол» партиясының тең төрағасы (2002-2005) «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы (2005-2008)Жандосов Ораз Алиевич

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:1961 жылы туғандар Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағалары Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан қаржы министрлері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары