Шымыр — Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Қаратал өзенінің сол жағалауында, боз жусан, ши аралас өскен қоңыр, қызғылт топырақты жазықта орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15441822 2246 123,3 887 1113 125,5 935 1133 121,2
Тарихы 1957- 97 жылдары "Победа" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Шымырда өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Қарабұлақ-Талдықорған автомобиль және темір жолы өтеді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы елді мекендері