Мерей (2007 жылға дейін — Қазақ КСР-нің 50 жылдығы)Облыстағы кейбір ауылдық округтер мен ауылдардың атауларын өзгерту туралы — Алматы облысы Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан солтүстікке қарай 19 км-дей жерде, Қаскелең өзенінің оң жағалауында, әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен тау алдының шөлейт белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15731540 1418 92,1 729 634 87 811 784 96,7
Тарихы Іргесі құс өсіретін Қазақ аймақтық тәжірибе стансасы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан ауылда ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, фельдшер пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы аркылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Қарасай ауданы елді мекендері