Шойманов Молыке Күзембекұлы (1904, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Тоғайтөбе қонысы – 1938, 11 қараша, Мәскеу, Дон зиратының крематориясы) — саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1915 ж., қыркүйек — күнкөріс қамымен үлкендерге еріп Ташкент қаласына барады, әртүрлі қолбалалық жұмыстар атқара, наубайханада қамыр илеуші бола жүріп, сауатын ашады, Ташкент қаласы. 1921-1923 ж. — теміржол техникумының оқушысы, Ташкент қаласы. 1923, қыркүйек - 1924, желтоқсан — Түркістан Республикасы Әділет халық комиссариатында хат тіркеуші қызметін атқара жүріп, кешкі заңгерлік курста оқиды, Ташкент қаласы. 1924, желтоқсан — 1927, мамыр — Қазақ АССР-і Сырдария губерниялық сотының мүшесі, Шымкент қаласы. нобай|Молыке Шойманов1927, мамыр — 1928, мамыр — халық соты, Сырдария губерниялық сотының Әулиеата уезіндегі өкілетті өкілі, Әулиеата қаласы. 1928, мамыр — 1929, қазан — Сырдария округтік сотының мүшесі, округтік атқару комитетінің өкілетті өкілі, жұмысшы-шаруа инспекциясы округтік бакылау комиссиясының инспекторы, Шымкент қаласы. 1929, қазан - 1930, маусым — Сырдария округі Мойынқұм аудандық партия комитетінің жауапты хатшысы, Ново-Тройцкое селосы. 1930, маусым - тамыз — Сырдария округтік партия комитетінің жауапты нұсқаушысы, Шымкент қаласы нобай|Молыке Шойманов анасы Тоты Жошықызымен. Шымкент қаласы. 1924 ж.1930 тамыз — 1931, ақпан]] — Сырдария округі Түркістан аудандық партия комитеті басқарушы партия органдары ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қаласы. Осы қызметінде жүріп өзінің туған жері көне Отырар өңірін суландыру жұмыстарын ұйымдастыруға араласады. Кезінде Ташкент қаласына бірге барып, кейіннен заңгерлік мамандықты қатар оқыған ауылдас ағасы Дүйсенбай Алтынбековты Торғай губерниясында прокурор болып қызмет етіп жүрген жерінен шақырып, ұзындығы 31 шақырымдық Шәуілдір каналын (қазіргі Д. Алтынбеков атындағы канал) қазуды басқару ісіне тартады. ☢ 1931, ақпан — 1931, мамыр]] — Оңтүстік Қазақстан облысы Бостандық аудандық партия комитеті басқарушы партия органдары ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қожакент селосы (Ходжикент — қазір Өзбекстанға қарап кеткен Бостандық ауданының сол жылдардағы орталығы). 1931, мамыр — 1932 сәуір — Қазақ өлкелік партия комитеті партия кадрлары секторы меңгерушісінің орынбасары, Алматы қаласы. 1932,сәуір — 1933, мамыр — Алматы облысы Балқашқұрылыс басқармасы партия комитетінің басқарушы партия органдары бөлімінің меңгерушісі, Балқашқұрылыс поселкесі (қазіргі Балқаш қаласы). 1933, мамыр — 1934, мамыр — Түрксіб басқармасы кадр бөлімінің бастығы, Алматы қаласы. 1934, мамыр — 1936, мамыр — Талдықорған аудандық атқару комитетінің төрағасы, Талдықорған қаласы, Алматы облысы. 1936, мамыр — 1937, қазан — МТС директоры, Шелек селосы, Алматы облысы. 1937, 9 қазан — "халық жауы" деген жаламен тұтқындалады. 1938, 11 қараша — КСРО Жоғарғы сотының Әскери коллегиясы: "антисоветтік, ұлтшыл, көтерілісшіл, лаңкестік, диверсиялық-зиянкестік ұйымға мүше болды, өзінің контрреволюциялық қызметінде "халық жаулары" О. Жандосов, Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, Н.Сырғабековтермен тығыз байланыс құрды, олардың берген тапсырмалары бойынша ұйымға жаңа мүшелер тартты, көтерілісшіл кадрларды дайындау жұмыстарын жүргізді және зиянкестік қимылдармен айналысты", - деген жалған айып тағып, ең ауыр үкім — ату жазасына кесті. Денесі Мәскеудегі Дон зиратының крематориясында өртелді. Мәйітінің күлі сол зираттағы қазақтың арыс ұлдары Ә. Бөкейхан, Н. Нұрмақов сияқты көптеген ардақты тұлғалардың күлі көмілген молаға қойылған. 1957 ж. 12 шілдеде ақталған. Қазір Молыке Шойманов өмірге келген ауыл оның есімімен аталады.
Дереккөздер Отырар. Энциклопедия. 375-376 б. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005; М. Шоймановтың өмірбаяндық деректері. 1988 жылғы 27 сәуірде берілген №1286 құжат // Центральный партийный архив ИМЛ при ЦК КПСС (қазір Российский государственный архив социально-политической истории (РГАСПИ), Москва; "Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов екеуі бір күнде атылып, Дон зиратында жерленген" // "Егемен Қазақстан" газеті, 2008 жыл, 24 желтоқсан.
Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары