Футболдан әлем чемпионаты (немесе Футболдан Әлем Кубогы, ФИФА әлем чемпионаты деп те атайды), ресми атауы ФИФА Әлем Кубогы () — футболдан халықаралық жарысы. Әлем Чемпионаты ФИФА-ның ұйымдастыруымен өткізіледі, және оған ФИФА-ға мүше барлық ерлер құрама командалары қатыса алады.
Финалдық турнирлер 4 жылда 1 рет болады. Бірақ іріктеу турнирлерін қосқан 3 жылға дейін созылады. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 204 құрама қатысты. 4 жыл сайын өтетеін әлем чемпионатының финалдық турниріне барлығы 32 (31 құрама іріктеу кезеңінен жолдама алады, 1 құрама чемпиоантты өткізуші ел бірден жолдама алады; 2006 жылғы әлем чемпионатына дейін чемпион атанған команда келесі чемпионатқа бірден жолдама алатын еді, 2006 жылдан бастап чемпионда іріктеу кезеңіне қатысады) құрама қатысады. Әлем чемпионатын өткізуші ел алдын ала белгіленіп қояды.
Әлем чемпионатының финалдық турнирлері 1930 (1942 мен 1946 жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан өткізілген жоқ) жылдан бері өткізіліп келеді. Жәнеде барлық спорт әлемінің көптеген жанкүйерлері асыға күтеді. Кейде ең көп жанкүйерлер жинайтын спорттық турнир - Олимпиада ойындарында көп жанкүйер жиналады.Ол әр 4 жыл сайын ұйымдастырылады.
Чемпиондар Әлем чемпионатының тарихында барлығы 8 құрама әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Оның ішінде ең көп чемпион атанған Бразилия құрамасы - 5 рет. 4 рет әлем чемпионы атанған Италия құрамасы, одан кейін Германия - 4, Аргентина- 3 рет. Уругвай мен Франция 2 рет. Және Англия, Испания құрамалары бір-бірден чемпион атанды.
3 рет әлем чемпионы атанған жалғыз ойыншы бар, ол футбол королі - Пеле (1958, 1962, 1970 жылдары). Және 20 ойыншы 2 рет әлем чемпионы атанды (оның көбі бразилиялықтар, 4-і Италия ойыншылары, 1-і Аргентина ойыншысы). Витторио Поццо 2 рет әлем чемпионы атынған жалғыз жаттықтырушы (1934 және1938). Марио Загалло мен Франц Бекенбауэр футболшы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де әлем чемпионы атанғандар (Загало 2 рет ойыншы ретінде (1958, 1962 жылдары), жаттықтырушы ретінде (1970 жылы); Бекенбауэр - 1974, 1990 жылдары). Ең көп әлем чемпионы атанып абсолюттық рекордың иесі Марио Загалло болып табылады. Барлығы 4 титул (1994 жылы бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде чемпион атанды).
Тарихы Бірінші чемпионат right|thumb|Сентенарио - әлем чемпионатының финалын қабылдағын тұңғыш стадион 1924 және 1928 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанғандықтан Уругвайды тұңғыш әлем чемпионатын өткізуші ел қылып сайлады. Алғашында әлем чемпионатын өткізуге 5 ел үміткер болды - Италия, Испания, Нидерланд, Швеция және Уругуай. Көбі Уругуайға дауыс берді.
Алайда Уругуайда өтетін әлем чемпионатына бару үшін Еуропа елдеріне қиынға соқты. Турнирдің басталуына 2 ай қалғанда ешбір Еуропа елі өз құрамасын Уругуайға жіберуді жоспарлаған жоқ. Ақыры тұңғыщ әлем чемпионатына Еуропадан тек 4 ел қатысатын болды (Франция, Бельгия, Румыния, Югославия). Барлығы әлем чемпионатына Оңтүстік Америкадан - 7, Еуропадан - 4, Солтүстік Америкадан - 4, барлығы - 13 құрама қатысты. Бұл әлем чемпионатының тарихындағы ең аз команда қатысқан жыл болып (1950 жылғы әлем чемпионатынада 13 құрама қатысты), және іріктеу кезеңдері өткізілмеген жалғыз әлем чемпионаты болып табылады.
13 құрама 4 топқа бөлінді. Топ жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алды.
Әлем чемпионатының алғашқы ойындарында Франция мен АҚШ жеңіске жетті. Әлем чемпионатының алғашқы голын француз Люсьен Лоран соқты, бірінші хет-трикті америкалық Берт Патеноуд жасады.
Финалда екі Оңтүстік Америкалық құрамалар Уругвай мен Аргентина құрамалары кездесті. 93 мың жанкүйер Монтевидео қаласындағы Сентенарио стадионына Уругвай құрамасы Аргентина футболшыларын 4:2 есебін жеңіп тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Дамуы Әлем чемпионатын өткізушілердің басты қиыншылығы ол елдердің әлем чемпионатына баруға кететін транспортарының қымбатшылығы, және соғыс: 1942 және 1946 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыс салдарынан өткізілген жоқ.
1934 тен 1978 жылдар арасындағы әлем чемпионатына 16 команда (1950 жылды қоспағанда, ол жылы 3 құрама іріктеу кезеңі біткеннен кейін әлем чемпионатынан бас тартты) қатысты. Көбінесе әлем чемпионатына Еуропа мен Оңтүстік Америка аймақтарынан қатысты, кей жылдары Азия, Африка және Аралдар аймақтарының мықты құрамалары қатысты, көбіне олар еуропалықтар мен оңтүстікамерикалықтарға ұпай үлестіріп беруші құрама ретінде жүрді. Керісінше кездеріде болды, мысалы, 1966 жылы Солтүстік Корея 1/4 финалына дейін жетті.
1982 жылдан бастап финалдық турнирге қатысушылар саны 24-ке ұлғайды, ал 1998 жылы 32-ге. Қосымша орындардың көбі Азия, Африка және Солтүстік Америка аймақтарына бұйырды. Көбіне футбол елі болып саналмай келген осы аймақтың құрамалары соңғы жылдары тәуір өнер көрсетуде: мысалы, Камерун 1994, Оңтүстік Корея, Сенегал мен АҚШ 2002, Гана 2010 жылдары. Әлем чемпионаты шынындада әлемдегі құрамалардың жарысы болды. 2006 жылғы әлем чемпионатына - 197 құрама, 2010 жылғы әлем чемпионатына - 204 құрама қатысты. Сондада жанкүйерлер саны Еуропа мен Оңтүстік Америка аймақтарына жетпейді. Әлем чемпионатының тарихында осыдан басқа аймақтардан тек қана 3 құрама жартылай финалға жолдама алды (АҚШ, Оңтүстік Корея және Түркия). Оңтүстік Америкадан осындай жетістікке 20 рет жетті (көбіне Бразилия, Аргентина, Уругуай, 1962 жылы Чили құрамасы 3-ші орын алды), ал Еуропа - 55 рет (19 ел).
Өткізу формуласы Іріктеу турнирі Іріктеу турнирлері әлем чемпионатының финалдық турниріне қатысатын құрамалардың санын азайтып және іріктеп алу үшін өткізіледі. Әлем чемпионатының алдындағы іріктеу турнирі өткізілмеген Жалғыз чемпионат ол - 1930 жылғы әлем чемпионаты. Іріктеу турнирі ФИФА-ға мүше ұйымдардың құрамалары бойынша өткізіледі: азиялық іріктеу (АФК), африкалық (КАФ), еуропалық (УЕФА), солтүстікамерикалық (КОНКАКАФ), оңтүстікамерикалық КОНМЕБОЛ, аралдық (ОФК). Іріктеу турнирі өткізілмес бұрын ФИФА әр аймаққа финалдық турнирге қанша команда қатысатынын бөліп береді.
1938 жылдан бастап әлем чемпионатын өткізуші ел автоматты түрде финалдық турнирге жолдама алады. Жәнеде, 2006 жылға дейін соңғы әлем чемпионы келесі чемпионатқада бірден жолдама алатын еді. 2006 жылғы әлем чемпионатының алдында әлем чемпионыда іріктеу турниріне қатысатын болып белгіленіп, 2002 жылғы әлем чемпионы Бразилия іріктеу турниріне қатысты.
Төмендегі кестеде аймақтарға бөлу орындары көрсетілген. +Ч деген әлем чемпионына берілетін қосымша орын, +Х чемпионатты өткізуші елге берілетін қосымша орын. Аймақ аралық қосымша кездесулердің орны 0,5 болып саналады. Қоюланып жазылғандар қосымша кездесулердің жеңімпаздары.
+Футбол аймақтары үшін бөлінген орындарАймақ1934(16)1938(15)11950(13)21954(16)1958(16)1962(16)1966(16)1970(16)1974(16)1978(16)1982(24)1986(24)1990(24)1994(24)1998(32)2002(32)2006(32)62010(32)2014http://www.fifa.com/index.html FIFA.com — Draw Format(32)Африка (КАФ)1///0.530.54111122235555+Х5Азия (АФК)11210.5411122223.52.5+2Х4.54.54.5Аралдар (ОФК)//////0.50.50.2550.50.50.50.50.5Еуропа (УЕФА)12111+Х+Ч72+Ч11+Х9.53+Х+Ч949+Х8+Ч8.5+Х8.5+Ч13+Х12.5+Ч13+Х12+Ч14+Х13.5+Ч13+Х1313Солтүстік Америка (КОНКАКАФ)112110.511+Х1121+Х21.255+Х333.53.53.5Оңтүстік Америка (КОНМЕБОЛ)214+Х1+Ч33.5+Х+Ч3+Ч32.5+Ч2.5+Х3+Ч42.5+Ч3.554+Ч4.54.54.54.5 +ХБарлығы16161616161616161616242424243232323232
1 В 1938 жылы Австрия аншлюс салдарынан әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Ақыры чемпионатқа Еуропадан 12 құрама қатысты (чемпион мен өткізуші елді қосқанда.). ² 1950 жылы Үндістан, Шотландия және Түркия финалдық кезеңнен бас тартты. Ақыры чемпионатқа Еуропадан 6 құрама қатысты, Азиадан біреуіде қатысқан жоқ. ³ 1958 жылғы чемпионатта Азия мен Африка екеуіне 1 орын берілген болатын, ал Еуропаға 9 орын. Алайда Израильдің барлық қарсыластарының бас тартқанынан кейін Израиль мен Уэльс арасында қосымша кездесу өткізілді. Ақыры Азия мен Африка екеуара - 0,5 орын алса, Еуропа — 9,5 орын алды. 4 1962 жылғы чемпионатта Еуропа 8 орын, және тағы 2 команда Азия мен Африканың командаларымен қосымша ойын өткізді. Еуропаның 2 құрамасыда жеңіске жетіп, соңында Еуропаға есеп бойынша 10 орын берілді. 5 1994 жылғы чемпионатта қосымша кездесулер 2 раунд болды. Алғашында ОФК и КОНКАКАФ командалары кездесті, жеңімпаз КОНМЕБОЛ командасымен кездесті. 6 2006 жылдан бастап чемпион автоматты түрде орын алмайтын болды.
Финалдық турнир 16 ел өз жерінде әлем чемпионатын қабылдады. Оның ішінде 4-уі 2 рет: Мексика, Италия, Франция және Алмания. Тек 1 рет 2002 жылы әлем чемпионаты 2 елде өтті - Оңтұстік Корея және Жапония.
Әр жылдары өткізілген әлем чемпионаттары туралы кесте.
Жыл Иесі Командалар 1-ші кезең 2-ші кезең 3-ші кезең 1930 13 1 топ 4 командадан, 3 топ 3 командадан 1 кезеңдегі 4 топтың жеңімпаздары плей-офф кезеңін өткізді3-ші орын үшін матч өтккізілген жоқ 1934 16 Плей-офф1934 және1938 жылдары ойын тең аяқталса қайта ойнатылды. Артынан жеребе өткізілетін болды, бірақ ойында қолданылып көрген жоқ. 1974 жылдан бері ойын соңындағы пенальти өткізіліп келеді. 1938 15 (16)Австрия іріктеу турнирін өткенімен, аншлюс салдарынан әлем чемпионатына қатысқан жоқ Плей-офф 1950 13 (16)Үндістан, Шотландия және Түркия іріктеу турнирін өткенімен, финалдық кезеңнен бас тартты 2 топ 4 командадан, 1 топ 3 командадан, 1 топ 2 командадан 1 кезеңдегі 4 топтың жеңімпаздары финалдық топта ойнады 1954 16 4 топ 4 командаданӘр топта 2 «мықты» және 2 «мықты емес» командалар болды; ойындар тек мықтылар мен мықты еместер арасында өтті. Топтық кезеңде ойын тең аяқталса қосымша уақыт берілді. 1962 жылға дейін жинаған ұпайлары тең болса, қайта ойнау өткізілді, Тек 1954 пен 1958 жылдары солай болды. 1962 жылдан бастап соққан голының айрмашылығына қарайтын болды. топта 1-2 орын алған 8 команда плей-офф кезеңін өткізді 1958 16 4 топ 4 командадан топта 1-2 орын алған 8 команда плей-офф кезеңін өткізді 1962 16 4 топ 4 командадан топта 1-2 орын алған 8 команда плей-офф кезеңін өткізді 1966 16 4 топ 4 командадан топта 1-2 орын алған 8 команда плей-офф кезеңін өткізді 1970 16 4 топ 4 командадан топта 1-2 орын алған 8 команда плей-офф кезеңін өткізді 1974 Алмания 16 4 топ 4 командадан 2 топ 4 командадан (1 кезеңде 1-2 орын алғандар) Финал (2-ші кезеңдегі топ жеңімпаздары), 3-ші орын (2-ші кезеңде топта 2-ші орын алғандар) 1978 16 4 топ 4 командадан 2 топ 4 командадан (1 кезеңде 1-2 орын алғандар) Финал (2-ші кезеңдегі топ жеңімпаздары), 3-ші орын (2-ші кезеңде топта 2-ші орын алғандар) 1982 24 6 топ 4 командадан 4 топ 3 командадан (1 кезеңде 1-2 орын алғандар) 4 команда плей-офф кезеңін өткізді (2-ші кезеңдегі топ жеңімпаздары) 1986 24 6 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар және 3-ші орын алған 4 үздік команда) 1990 24 6 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар және 3-ші орын алған 4 үздік команда) 1994 24 6 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар және 3-ші орын алған 4 үздік команда) 1998 32 8 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар) 2002 / 32 8 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар) 2006 32 8 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар) 2010 32 8 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар) 2014 32 8 топ 4 командадан 16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар) 2018 328 топ 4 командадан16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар) 2022 328 топ 4 командадан16 команда плей-офф кезеңін өткізді (Топта 1-2 орын алған командалар)
Әлем чемпионатының өткізілу формуласы 1998 жылдан бері 32 қатысушы-командадан құралған. Финалдық турнир алдын ала таңдалып алынған елде, 1 ай көлемінде 2 жүйеде өткізіледі (топтық кезең және шығып қалу жүйесінде).
Топтық кезеңде 32 команда әр топта 4 командадан, 8 топқа бөлінеді. Топ құрамы жеребе бойынша қарастырылады.