Жауынгерлік және оперативтік дайындық әдістемесі — жеке құрамды ұрыста іс-қимыл жасауға үйрету мен тәрбиелеу әдістерінің, тәсілдері мен түрлерінің жиынтығы; әскери дидактиканың құрамды бөлігі. Әскери педагогиканың басты-басты қағидаларына негізделеді. Жауынгерлік және оперативтік дайындық әдістемесі термині қарулы күштерде жауынгерлік және оперативтік дайындықтың құрамды бөлігі болып табылатын пәндерді оқытуда қолданылатын жалпы әдістер мен ұйымдастыру түрлерін қамтитын жиынтық ұғым ретінде қабылданған. Жауынгерлік және оперативтік дайындық әдістемесінің жалпы мазмұны: педагогика ғылымы мен ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін пайдалана отырып әскери қызметшілерді оқытудың әдістемелері мен түрлерін дайындау; жауынгерлерді Отанын және халқын сүю рухында оқыту мен тәрбиелеудің ең тиімді әдістерін талдап дайындау; оқу процесінде оқыту материалдық базасын пайдаланудың ең тиімді жолдарын анықтау; бағалау өлшемдерін, білім мем дағдыны тексеру жүйесін дайындау; командирлердің, штаб офицерлерінің, әскери мектеп, училише, институт және академия оқытушыларының әдістемелік шеберліктерін көтерудің жаңа әдіс-тәсілдерін іздеу және ескі әдіс - тәсілдерін жетілдіру; жақсы тәжірибелерді, жеке әдістемелерді тарату.
Жауынгерлік және оперативтік дайындық әдістемесі ұсыныстары нақты пәндерді оқыту әдістемесі бойынша оқулықтарда, әдістемелік нұсқауларда беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс