Жауынгерлік жұмыс Техниканы ұрыс жағдайына келтіру кезіндегі жеке құрамның жүктелген міндеттерін орындауы, нұсқаулар мен басшылықтың талаптарына сәйкес атыс жүргізуге дайындалуы. Жауынгерлік жұмыс уакыты белгіленген нормативтер мен оларды орындау сапасына карай бағаланады. Ракеталық әскерлердің жеке құрамын арнайы дайындау бөлімі. Оның мазмүны жауынгерлік дайындықтың бағдарламасымен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс