Егеухан Мұқамәдиқызы - (01 сәуір 1940 жыл Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей аймағы - қазақстандық ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР жазушылар Одағының мүшесі.
Өмірбаяны 1940 жылы 1 сәуірде Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгей аймағы Баяннур сұмынының Олоннур шұңқыр жұртында дүниеге келген. Он алты жасынан ақындар айтысына қатысып, шығармалары Моңғолияда, Қазақстанда шыққан оннан аса топтама жинақтарға енген. Егеухан Мұқамедиқызы Моңғолияның Баяннұр орта мектебінде отыз жылдай кітапхана меңгерушісі болған.
Айтыс ақыны Е. Мұқамәдиқызы Моңғолия қазақтарының айтыс өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Айтыс ақыны» атағын алған. 1989,1992 жылдары Алматыда өткен халықаралық ақындар айтысында, 1998 жылы батыр Бақтыоразға ас беру айтыстарында жүлдегер атанған. Абай мен Жамбыл мерейтойларында облыстық, аудандық айтыстарға қатысқан. 1998 жылы Үржар ауданының 70 жылдық мерейтойындағы айтыста «Ана қыран ақын» атағына ие болған. 1999 жылы «Мың жылдық думан Астана» аясында өткен «Айтыстың сағындырған саңлағы» атты айтысқа арнайы шақырумен қатысқан. 1971,1976,1978 жылдары «Жаңа өмір» газетінің, 1984, 1986 жылдары республикалық телерадионың кезекті сыйлықтарының иегері. / Егеухан Мұқамедиқызы
Шығармалары «Жыр қарлығаштары» (1966) «Таң арайы» (1971) «Ақ қайың» (1971) «Қобда өзен толқыны» (1975) «Аруарманы» (1977) «Айтыс» (1979) «Бәйге» (1980) «Оң қанат» (1982) «Алимын цэцэрлэг» (моңғол тілінде, 1989) « Қайтқан қаз» «Қосішек» атты жыр жинақтары бар.
Марапаттары Моңғол Халық Республикасының 50, 60, 70 жылдық құрмет медальдарымен марапатталған. «Даңқты Ана» ІІІ дәрежелі орденді МХР-дің еңбек ардагері. «Құрмет» орденінің иегері / Егеухан Мұқамәдиқызы «Құрмет» орденімен марапатталды Қазақстанның Мәдениет қайраткері
Қосымша мәлімет 1983 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1990 жылдан Моңғолия Жазушылар одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Моңғол Халық Республикасының екінші разрядты шахматшысы. Он бала тәрбиелеп өсірген «Алтын алқалы» ана. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Моңғолия қазақтары