Материалдық заттардың жылжымалы қоры (МЗЖҚ) (Подвижные запасы материальных средств) — бірлестіктердегі, бөлімдер мен бөлімшелердегі, сондай-ақ әскери техника (қару) мен жеке құрамдағы штаттық көліктерге қажетті норма (мөлшер) мен табель бойынша бекітілген материалдық құралдар (оқ-дәрілер, жанар-жағармай заттары, азық-түлік т.б.). Бұл қорлар бөлімшелердің (бөлімдердің) өмірі мен жауынгерлік кызметін мезгілінде және үздіксіз қамтамасыз етуге арналады: олар күнбе-күн белгіленген мөлшерге сай толықтырылып тұруы кажет. МЗЖҚ жұмсалатын бөлік және жұмсалмайтын қор болып бөлінеді. Жұмсалатын бөлігі әскердің ағымдағы қажеттіліктерін өтеу үшін және әскери қимылдарды қамтамасыз ету үшін жұмсалады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс