Әділжан Құрманғалиев (18 сәуір 1893, Сарқан ауданы, Бақалы ауылы - 24 қазан 1962, Алматы) - күйші-композитор, қоғам қайраткері.

1919 ж. Талдықорған облысы Көктерек болыстық ревкомының төрағасы. 1920-28 ж. Жетісу облыстық ревкомының мүшесі, Қаратал уездік "Қосшы" одағының хатшысы, Ақсу ревкомының сот орындаушысы. 1928-32 ж. Жаркент ауданында шаруашылық ұжымдарын басқарды. 1932-55 ж. ҚХР-ның Шыңжаң өлкесінде мәдени-ағарту саласында еңбек етті. 1955 ж. тарихи Отанына қайтып оралды. Шығармалары "Қос жүрек" (1910) "Жастық шақ" (1911) "Қайран ана" (1938) "Қос жетім" (1942) "Жеңіс" (1945) "Арман" (1955) "Отан" (1955) "Ленин" (1960), т.б. күйлері бар.

Ол сонымен қатар қазақтың халық әндері мен күйлерін, ауыз әдебиеті мұраларын жинаумен айналысқан.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:18 сәуірде туғандар Санат:1893 жылы туғандар Санат:Сарқан ауданында туғандар Санат:24 қазанда қайтыс болғандар Санат:1962 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Күйшілер Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Алматы облысы тұлғалары