Тұрап Айдаров (20 қараша 1933, Сарыағаш ауданы Мұратбаев ауылы – 7 наурыз 1994, Ташкент қаласы) – ақын, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1985).

Өмірбаяны Шанышқылы тайпасының Қатаған руынан шыққан. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.Қазақ энциклопедиясы, 1-том

Ғылыми жұмыстары 1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975) «Лингвистикалық география» (1977) «Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии» (1991) атты ғыл. еңбектері «Жайнай бер, жұлдызым» (1974) «Қоңыр жел» (1977) «Ашық аспан» (1980) «Шие» (1981) «Көңіл салтанаты» (1989) деген жыр жинақтары жарық көрген.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:20 қарашада туғандар Санат:1933 жылы туғандар Санат:Сарыағаш ауданында туғандар Санат:7 наурызда қайтыс болғандар Санат:1994 жылы қайтыс болғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:Өзбекстан қазақтары Санат:Қазақ ақындары Санат:Өзбекстан ақындары Санат:Өзбекстан филологтары Санат:Өзбекстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ тілін зерттеушілер