Сирия (, Сурийә), ресми Сирия Араб Республикасы (, әл-Джумһурийә әл-ъАрабийә әс-Сурийә) — Батыс Азиядағы мемлекет, Таяу Шығыс елдерінің бірі. Жер аумағы 185,2 мың шаршы километр, астанасы — Дамаск қаласы. Әкімшілік жағынан 14 мухафазға (провинцияға) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сирия фунты. 1945 жылдан Сирия — Біріккен Ұлттар Ұйымының және Араб мемлекеттері Лигасының мүшесі.

Сирия 2011 жылғы Араб көктемінен бері ірі азаматтық соғыста. Бірнеше мемлекет қатысқан бұл соғыстың себебінен өз үйінен 6 миллион босқын айырылды. 2024 жылдың соңына қарай Сириялық оппозиция елдегі ірі қалаларды, соның ішінде астанасы Дамаскіні басып алды да, 2000 жылдан бері билікте болған Башар әл-Асадты билігінен тайдырды.

Географиясы Көрші мемлекеттер Солтүстік-батыс: Солтүстік: Солтүстік-шығыс: Батыс: • Жерорта теңізі 50px Шығыс: Оңтүстік-батыс • Оңтүстік: • Оңтүстік-шығыс:

Сирия аумағының көпшілік бөлігі үстіртті. Елдің батыс бөлігі қос тау тізбегінен тұрады, бұларды Сирия опырығы (Әл-Габ ойысы) бөліп жатыр. Батыс тізбегі Ансария жотасынан, шығыс тізбек Аз-Завия тауларынан, Антиливанның шығыс беткейлерінен және бұның оңтүстік жалғасы Аш-Шейх (Хермон) жотасынан (биіктігі 2814 м) қалыптасқан. Оңтүстік-батысын Ад-Друз (биіктігі 1803 м) вулкандық массиві, оңтүстік-шығысын Сирия шөлі, солтүстік-шығысын Жазире үстірті алып жатыр.

Басты өзендері Евфрат (Сирия шегіндегі ұзындығы 675 км), Әл-Аси, Тигр. Ірі көлі — Хоме. Жері құмды саздақты, қиыршық тасты, сұр, қызыл қоңыр, өзен аңғарлары шалғынды, сортаң топырақты болып келеді. Жалпақ жапырақты, мәңгі жасыл ағаштар, бұталар өседі. Жазықтық шөлді бөлігінде қасқыр, қорқау қасқыр, тұяқты сүтқоректілерден бөкен, жабайы есек, таулы өңірде аю, қабан, орман мысығы, безоар ешкісі кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар, кеміргіштер мекендейді.

Пайдалы қазбалары Пайдалы қазындылары — мұнай, темір, марганец, мыс кентастары, хром, күкірт, фосфорит, қоңыр көмір.

Климаты Климаты субтропиктік және теңіздік. Қаңтардың орташа температурасы 12°С, тамызда 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 700–1500 мм.

Тарихы

Ежелгі Сирия 800px|thumb|center| Пальмира қаласының атақты шөлі (Б.д. I—II ғ.) thumb|Рим театры, Босра қаласы Сирия жерін адамдар тас дәуірінен бастап мекендеген. Сирия тарихы б.з.б. 4-мыңжылдыққа жатады. Археологтар Сирияның әлем мәдениетінде үлкен үлесі барын дәлелдеген.

Б.з.д. 2400–2500 жылдары Семит империясы, орталығы Эбла Қызыл теңізден Кавказ артына дейін созылып жатқан. Эбла тілі семит тілдерінің ішіндегі көнесі болып есептеледі. Эбла кітапханасында 1975 жылы 17 мыңға жуық балшықтан жасалған тақтайшалар бар. Б.з.б. 2-мыңжылдықтарда негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі аморей (Амориттер) тайпалары болды. Кейіннен Сирия гиксостар тайпалық одағы құрамына енді. Б.з.б. 8–6 ғасырларда Сирия Ассирия, Вавилон патшалығы, Ахемен әулетіне бағынды. Б.з.б. 338 жылы Александр Македонский мемлекетіне, ол ыдыраған соң Селевки әулетіне қарады. Б.з.б. 64 жылы Сирия Римге қосылып, оның аса маңызды және неғұрлым бай провинцияларының біріне айналды. 4 ғасырдыңдың аяғынан Сирия Византия құрамында болды. Б.з.д. XXIII ғасырда империяны Аккад жаулап алды. Астанасын жермен жексен етті. Кейін Сирия жеріне ханаан тайпалары кіріп келді.Сирия тарихы Ханаан тайпалары жайлап алған соң Б.з.д. 64 жылы Сирия жері Рим империясы қол астында болды. Б.з.д. XVI ғасыр мен XVI ғасыр аралығында Сирияның оңтүстігінде басында Египет перғауынынна бағынышты болған Дамас қаласы болған.

Пальмира

Пальми́ра (, арамейше көшірме, калька , Тадмор, «пальма қаласы») — бұрынғы гүлденіп тұрған қала, бүгіндері ежелгі римдік соңғы дәуірінің сәулетінің маңғаз құрылыстарының қалдықтарымен аты шыққан Сириядағы кедей елді мекен. Бұл жер (Ферро аралынан), шөлдің бір шұратты жерінде, Дамаск пен Евфрат арасында, біріншісінен 240 км солтүстік-шығысқа қарай, ал екіншісінен 140 км қашықтықта.

Араб халифаты, Османлы империясы тұсында 633 жылдан бастап Араб халифатының құрамына еніп, 661–750. Дамаск астана ретінде ислам діні орталықтарының біріне айналды. Сирия халқы арабтандырылып, мұсылман дініне көшті. 750–878 жылдары Аббас әулеті, кейіннен басқа да әулеттер билік жүргізді. 13 ғасырдың 2-жартысынан Сирия египет мәмлүктерінің билігінде болып, 1516–1918 жылдары Османлы империясының құрамына кірді. 1918–1920 жылдары Сирияны ағылшындар басып алды.Сирия-Араб уикипедиясы

Француз мандаты 1920–1943 жылдары француз мандатына қарады.

Бірінші дүниежүзілік соғысан кейін Османлы империясы ыдырады. 1920 жылы орталығы Дамаск болып Сирия Араб Патшалығы құрылды. һашимиттер тайпасынан шыққан Файсал патша болып сайланды. Файсал кейін Ирак патшасы болды. Сирия тәуелсіздігі ұзаққа созылмады. Бірнеше айдан соң француз әскері Сирияға кіріп келді. Француз әскері Сирия әскерін 23 шілде күні Мейсалун асуында жеңді. 1922 жылы бұрынғы Түркия доминионы Ұлыбритания мен Франция арасында бөлінді. Ұлыбритания Иордания мен Палестина жеріне иелік етті. Ал қазіргі Сирия территориясы, Ливан Францияның иелігіне өтті.

1930 жылы Франция мандатын құптайтын, прзедиент сайлайтын, бірпалаталы жаңа конституция қабылданды.

1936 жылы Сирия мен Франция арасында Сирияның тәуелсіздігін қарастыратын келісімшартқа қол қойылды. Дегенмен Франция 1939 жылы Франция оны ратификациялаудан бас тартты. 1940 жылы Францияны неміс әскерлерінің оккупациялауына байланысты Сирия мемелкетінің басшылығы генерал Денцтің қолына өтті.

1941 жылғы 27 қыркүйекте Франция Сирияға тәуелсіздігін берді. Француз әскері Екінші Дүниежүзілік Соғыс біткенше Сирия жерінде қалды. 1945 жылғы 26 қаңтарда Сирия Германия мен Жапонияға қарсы соғыс ашқанын жариялады. 1946 жылы француз әскерлері Сириядан шығарылды.

Жаңа тарихы 1943 жылғы желтоқсанда Сирия тәуелсіздігін алды. 1945 жылғы наурызда Сирия Араб елдерінің лигасын құруға атсалысып, 1948–1949 жылдары араб-израиль соғысына қатысты. Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль басқыншылығы кезінде (1956) Египетті қолдады. 1958–1961 жылдары Сирия Мысырмен бірігіп, Біріккен Араб Республикасын (БАР) құрды. 1961 жылы БАР құрамынан шығып, Сирия Араб Республикасы болып жарияланды. 1967 жылғы маусымда Израильдің шабуылына ұшырап, елдің бір бөлігі — Голан жотасынан айырылды. Қалыптасқан қиын жағдайға байланысты генерал Хафиз әл-Асад бастаған әскерилер өкімет басына келді. 1973 жылы ел конституциясы қабылданды. 1973 жылы қазанда Сирия Израильге қарсы соғыс қимылына қатысып, 1974 жылы Голан шыңдарын қайтарып алды. 1976–2005 жылдары Сирияның бітімгершілік күштері Ливанға кіргізілді. 1980–1988 жылдары Иран-Ирак соғысында Иранды қолдады. 1980–1990 жылдары Таяу Шығыстағы араб мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнатты. 2005 жылғы көктемде Ливандағы бітімгершілік күштерін кері қайтарып алды.

Сирия басшылары Осман империясы тұсында Сирия Египеттің қоластынан 1517 жылы босады. 1517 жылы Осман сұлтаны I Селим Сирияны басып алды. Осман империясы тұсында Сирия 14 провинция-мухафазаға бөлінде. Әр мухафазаны губернатор-мухафиз басқарды. Мухафиздар тікелей Ыстамбұлға бағынды. XVIII ғасырда Сирия жеріне Наполеонның әскерлері келді. 1833 жылы египеттік Мұхаммед Әли Сирияны бағындырғанымен, 1840 жылы Түркияға қайта берді.

1918–1920 жылдар аралығындағы басшылар Әли Риза Паша әр-Рикаби: 29 қыркүйек – 5 қазан 1918 I Файсал: 5 қазан 1918 – 8 наурыз 1920

Сирия патшасы, 1920 I Файсал: 8 наурыз – 28 шілде 1920

Француз мандаты кезеңі, 1922—1936 Субхи Бей Баракат әл-Халиди: 28 маусым 1922 – 21 желтоқсан 1925 Франсуа Пьер-Алип: 9 ақпан – 28 сәуір 1926 Дамади Шахрияри Ахмад Нами Бей: 28 сәуір 1926 – 15 ақпан 1928 Тәж эд-Дин әл-Хасани: 15 ақпан 1928 – 19 қараша 1931 Мұхаммед Әли-Бей әл-Абид: 11 маусым 1932 – 21 желтоқсан 1936

Сирия президенттері, 1936 – қазіргі күн

Хашим әл-Атасси: 21 желтоқсан 1936 – 7 шілде 1939 Бахиджаддин әл-Хатиб: 10 шілде 1939 – 16 қыркүйек 1941 Халед Бей әл-Азем: 4 сәуір – 16 қыркүйек 1941 Тәж эд-Дин әл-Хасани: 16 қыркүйек 1941 – 17 қаңтар 1943 Джамиль әл-Ульши: 17 қаңтар – 25 наурыз 1943 Ата Бей әл-Айюби: 25 наурыз – 17 тамыз 1943 Шукри әл-Куатли: 17 тамыз 1943 – 30 наурыз 1949 Хусни әз-Займ: 30 наурыз – 14 тамыз 1949 Фаузи Селу: 3 желтоқсан 1951 – 11 шілде 1953 Адиб аш-Шишакли: 11 шілде 1953 – 25 ақпан 1954 Шукри әл-Куатли: 6 қыркүйек 1955 – 22 ақпан 1958 Гамаль Әбділнасыр: 22 ақпан 1958 – 29 ақпан 1961 (БАР құрамында) Назым әл-Кудси: 14 желтоқсан 1961 – 8 наурыз 1963 Луаи әл-Атасси: 9 наурыз – 27 шілде 1963 Әмин әл-Хафез: 27 маусым 1963 – 23 ақпан 1966 Нұреддин әл-Атасси: 25 ақпан 1966 – 18 қараша 1970 Хафиз әл-Асад: 22 ақпан 1971 – 10 маусым 2000 Әбділ Халим Хаддам: 10 маусым – 17 шілде 2000 Башар әл-Асад: 17 шілде 2000 – 8 желтоқсан 2024 Лауазымы бос: 8 желтоқсан 2024 – 29 қаңтар 2025 Ахмед әл-Шараа: 29 қаңтар 2025 жылдан бастап

Халқы

Сирия халқының санағыCO2 Emissions from Fuel Combustion Population 1971–2008 IEA (pdf pages 83–85 Жыл Миллион 1971 6.6 1990 12.7 2009 21.1 Негіз: OECD/World Bank

thumb|330px|Сирияның халқы демографиясы thumb|330px|Халықтың орналасу тығыздығы Қала Халқы Б.д. дейін 10 000 200 000 Б.д. дейін1000 2 000 000 1 2 000 000 200 1 000 000 500 3 000 000 1000 3 000 000 1200 5 000 000 1500 1 500 000 1800 1 000 000 1900 1 000 000 2000 16 071 000 2010 22 838 000

Этникалық құрамы Халқы 16 млн. 729 мың (2001). Негізінен сириялық арабтар, олардан басқа күрдтер, армяндар, түрікмендер, шеркестер, сығандар тұрады. Сириялықтар, сириялық арабтар — ұлт, Сирияның негізгі халқы. Саны 6,4 млн. жуық. Сондай-ақ 200 мыңнан астам Сириялықтар басқа елдерде (негізінен Оңтүстік Америкада) тұрады. Сириялықтардың аз ғана бөлігінде ру-тайпалық құрылыс сақталған (неғұрлым ірі тайпалар — федаан, хадедийин, мавали, бени халед, умур). Негізгі кәсібі — егіншілік, жартылай көшпелі мал шаруашылығы

Астанасы мен Ірі қалалары Сирия қалалары Аталуы Халқы Мухафаза Қазақша Арабша Санақ 1981 Санақ 2006 1. Халеб (Алеппо) حلب 985.413 1.626.218 Халеб (Алеппо) 2. Дамаск دمشق 1.112.214 1.580.909 Дамаск 3. Хомс حمص 346.871 798.781 Хомс 4. Хама حماه 177.208 477.812 Хама 5. Латакия اللاذقية 196.791 347.026 Латакия 6. Дейр-эз-Зор دير الزور 92.091 252.588 Дейр-эз-Зор 7. Ракка الرقة 87.138 182.394 Ракка 8. Әл-Баб الباب 30.008 137.565 Халеб (Алеппо) 9. Идлиб إدلب 51.682 135.619 Идлиб 10. Дума دوما 51.337 114.761 Риф Дамаск

thumb|210px|left|Дамаск, 1837 жыл thumb|rihgt|210px|Дамаск, XIX ғасыр соңы

Астанасы Дамаск қаласы. Дамаск, Шам — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. 16 ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. XI ғасыр – б.з.б. 732 жылы), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахемен әулеті, А. Македонский, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттетерінің құрамында болды. 635 жылы қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671–770) айналды. Аббас әулеті түсында астана Бағдат қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. IX–XIII ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260–1516 жылдары мәмлүктердің, 1401 жылы Әмір Темір иелігінде болды. 1516–1518 жылдары Осман сүлтандығының құрамында, 1920–1943 жылдары Францияның мандатты территориясы. Сирияның астанасы. Дамаскдегі «Баб әс-сағир» (Кішкене қақпа) бейітінде ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби жерленген.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дамаск — қазіргі дүние жүзі астаналарының ішіндегі ең ежелгісі. Оның арабша атауы Димашқ немесе әш-Шам. Димашк сөзінің шығу төркіні жөнінде көптеген пайымдаулар бар. Дамаск жөніндегі ең алғашқы еске алулар Египет перғауындарының XVIII әулетінің құжаттары мен аккад тақташаларында кездеседі. Онда кала Димаску немесе Димашка деп аталған.