Ақжар - Алматы облысы Қарасай ауданында болған ауыл, бұрынғы Таусамалы ауылдық округінің құрамына кірген. Қазіргі уақытта Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы шағын аудан.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласының шығысында 15 км жерде, Ақсай өзенінің оң жағалауында орналасқан. Іле Алатауының тау етегіндегі ылғалды қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр.

Халқы Тұрғыны: 3,9 мың адам (2002); 13,3 мың адам (2009).

Тарихы 1996 жылға дейін "Красный Восток" деп аталған. 1997 жылға дейін "Каменка" асыл тұқымды мал зауыты болған. Оның негізінде Ақжарда бір АҚ және 20-ға жуық шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, клуб, кинотеатр, аурухана, тағы басқа мәдени және денсаулық сақтау мекемелері бар. Ақжар тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданының таратылған елді мекендері