Бактериялық токсиндер () — тіршілік ету процесінде кейбір ауру тудырғыш бактериялардың (ботулизм, сіреспе, түйнеме, іш сүзегі) бөлетін улары. Белгілі бактериялық улардың ішіндегі ең күштіcі — ботулизм уы. Бактериялық токсиндер адам организміне түскен жағдайда өзіне тән белгілері білініп катты уланады. Зақымданушының жалпы жағдайының нашарлауымен қатар, көз алдындағы зат екеу болып көрінеді, көздің қарашығы үлкейеді, жұтыну қиындайды, естуі нашарлайды. Улану кебінесе бірнеше сағаттан кейін-ақ білінеді. Зақымданғандарды дер кезінде анықтап, емдеу керек.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс