Рахметолла Нұрпейісов (1927-2009) - 5 желтоқсанда Алматы облысына қарасты Қарақол деген жерде дүниеге келген. Лақап аты — Рауан ЖұмаевПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 181.
Еңбек жолы Еңбек жолын 1942 жылы кең-шар жүмысшысы болудан бастаған. Жаркент педучилищесін, 1953 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Одан кейін «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Теміржолшы» — »Турксиб», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі, Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары, Қазақ радиосында редактор, Қазақ КСР Мемлекеттік телерадио комитетінде бас редактор болады. 1970 жылдан бастап Алматы облыстық партия комитетінде үгіт бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары болып істейді. Ол Алматы қалалық кеңесінің депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер
Санат:2009 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Алматы облысы тұлғалары Санат:1927 жылы туғандар