Алакөл балық комбинаты — түрлі балық өнімдерін дайындайтын кәсіпорын.
1964 ж. Алакөл көлінің жағасындағы шағын ескі зауытының негізінде қайта құрылды. Комбинат құрамына Алакөл, Сағат, Балықшы зауыттары кірді. Алакөл балық комбинаты жылына (1969) 3000 т-дай өнім өндеп, бір мезгілде 300 т балық тоңазытады. Өнделетін балықтардың 80%-і сазан, 10%-і алабұға, қалғандары қалбырға салынатын шабақтар. 1973 ж. кәсіпорынның өнім өңдіру қуаттылығы 60 мың т-ға жеткізілді. Сасықкөлге плотина салынып, балық өсіру ісі қолға алынды.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Кәсіпорындар