Еділ майшабағы () – майшабақ тұқымдасына жататын балық. Каспий т-нен Еділ, Жайық өзендеріне шығады. Дене тұрқы 40 см-дей, салм. 600 г-дай. Түсі ашық қоңыр. Арқа қанаты біреу.Қазақ энциклопедиясы

Республика суларында, өзендердегі уылдырық, шашатын жерлерінің жойылуынан және ретсіз аулаудың нәтижесінде саны өте жылдам кеміп келе жатқан өтпелі балық. Солтүстік Каспий су алқабында тіршілік етеді, бұрын онда ауланатын майшабақтардың негізін құраған. Жайық (бұрын 300 шақырымға дейін өрістейтін), Еділ, Терек өзендерінде уылдырық шашатын. Теңізде жайылып, ұзындығы 40 см, салмағы 600 г жететін. Таралу аймағының Қазақстандық бөлігінде бұрын да көп болмайтын, ал кәзір өте сирек кездеседі.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Майшабақтәрізділер