Таулы жердегі қорғаныс — қарсыластың шабуыл жасауына ыңғайлы бағыттарға қарсы құрылған қорғаныс.
Әскерлердің күші, әсіресе, асулардың, басым биіктіктердің, алқаптардың, шоқылар мен елді мекендердің қорғанысына шоғырландырылады.
Алғы шеп шолу мен атқылауға ыңғайлы тау сілемдерінде орналасады. Айнала қорғанысты ұйымдастыруға және қапталдар мен түйісулерді қамтамасыз етуге басты назар аударылады.
Жолы қиын бағыттарда жеке тірек пункттері орнатылады. Әскер орналаспаған аралықты бөгеттермен қоршайды. Маневр, оның ішінде атыс маневрі кең қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс