Қатыстық шақ — белгілі бір шақтың сөйлеу кезіне қатысын тікелей емес, жанама түрде білдіретін етістік шағы. Мәселен, өткен шақтын бұрынғы өткен шақ түрі оның жедел өткен шақ түрі арқылы, сонымен салыстыру арқылы ажыратылады. Мысалы: келіпті, сөйлепті. Кейбір сабақтас кұрмаластың басыңкы сөйлемдеріндегі шақ бағыныңқы сөйлемдердің шағына қатысты болып келеді. Мысалы: Сіз кейін қалған соң, мен алдыңызды орағыта беремін (Б. Момышұлы). Ауру қалса да, әдет қалмайды (мақал). Бұл сөйлемдердің бағыныңқыларында өткен шақтық, басыңқыларында осы шақтық мағына бар.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Лингвистика