Панфилов су шаруашылығы жүйесінің басқармасы - негізі 1920 жылы қаланған. Бұл басқарма аркылы Панфилов ауданының шаруашылықтарына 543,5 млн. м3 мөлшерде су беріледі. 63 289 га жер (оның ішінде 52575 га eгістік) суарылады, ұзындығы 222 км шаруашылықаралық арна тартылған. Ауданда жерді суару ушін 5 өндірістік пайдалану учаскесі ұйымдастырылған. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер