right|thumb Бақытжан Қауасқанұлы Майтанов (27 наурыз, 1952 жыл, Алматы облысы, Қаратал ауданы Сарықамыс ауылында туған) — журналист, әдебиет сыншысы, әдебиеттанушы, профессор, 1997 жылдан ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі.

Өмірбаяны Арғын тайпасы Қуандық руының мамадайыр бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014. 1974 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан» газетінде тілші болған. 1974 — 1990 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына, аға лаборант, кіші аға ғылыми қызметкер 1990 жылы Қазақ энциклопедиясы бас редакторының орынбасары 1990—1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, профессор 1996—1999 жылдары Қазақ мемлекеттік Заң университеті қазақ, орыс, шығыс тілдері кафедрасында профессор болып қызмет етті. 1998 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жетекшісі. 2000 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасының меңгерушісі.

Жетістіктері

2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы I дәрежелі сыйлығын алған 2006 жылы «ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атағына ие болған 2008 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» атты төс белгісімен марапатталған.

Шығармалары

Әдебиет сыны мен әдебиеттану саласына 1969 жылдан бастап араласып, республикалық газет-журналдарда жарияланған мақалаларымен көрініп келеді. Үш жүзге жуық әдеби-сын, әдебиеттанушылық сипаттағы мақалалары жарық көрген. М.Әуезовтің шығармаларының елу томдық академиялық басылымына ғылыми жетекшілік жасауда. Қазіргі қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Зерттеу. А., «Ғылым», 1982; Көркемдік нәрі. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1983; Қаһарманның рухани әлемі. А., 1987; Суреттеу мен мінездеу. А., 1991; Мұхтар Әуезов - суреткер. А., 1996; Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996; Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы. А., 2001; Сөз сыны. А., 2002; Романның баяндау жүйесіндегі автор. А., 2003; Көркем әдебиеттегі психологизм. А., 2004; Абай; Портрет поэтикасы. А., 2006; Монолог құрылымы. А., 2006.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:27 наурызда туғандар Санат:1952 жылы туғандар Санат:Қаратал ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Егемен Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан әдебиет сыншылары Санат:Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының академиктері Санат:Қазақстан әдебиеттанушылары