Әріпбай Әлібайұлы Әлібаев (12 қаңтар 1926, Жалаңаш ауылы, Жетісу губерниясы, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО — 2008, Алматы) — кеңестік қазақ мемлекет және партия қайраткері. Қазақстан КП ОК мүшесі, Қазақ КСР ет және сүт өнеркәсібі министрі (1978-1984), Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1972-1978), Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы (1968-1972). Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1968).
Өмірбаяны Ұлы жүздің Албан тайпасының Бозым руынан шыққан.
1942 жылдан бастап ұжымшардың есепшісі, зоотехнигі болып жұмыс істеді.
1950 жылы Алматы зооветринарлық институтын бітірді.
1950 жылдан бастап аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің зоотехнигі лауазымындан мехнат қылды.
1953 жылға дейін «Қарашоқы» кеңшарының бас зоотехнигі қызметін атқарды.
1953—1961 жылдары аудандық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, Алматы облысында Қазақстан КП Гвардия аудандық комитетінің хатшысы, 2-хатшысы болып еңбек етті.
1961 жылға дейін Алматы облысында Қазақстан КП Қапал аудандық комитетінің 1-хатшысы болып істеді.
1961—1962 жылдары Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің хатшысы болып күн көрді.
1962 жылдан бастап — 1963 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 2-хатшысы болып еңбектенді.
1963 жылдың 17 қаңтарынан — 1964 жылдың 28 желтоқсанына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан ауылдық облыстық комитетінің 2-хатшысы болып жұмыс істеді.
1964 жылдың желтоқсанынан — 1967 жылға дейін Қазақстан КП Павлодар облыстық комитетінің 2-хатшысы лауазымындан мехнат қылды.
1967—1972 жылдары Павлодар облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1968 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Диссертациясының тақырыбы: «Павлодар облысындағы қой шаруашылығы жүйесінің кейбір мәселелері» болдыӘлібаев Ә. Ә. диссертациясы..
1972—1978 жылдары Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің 1-хатшысы болып еңбек етті.
1978—1984 жылдары Қазақ КСР ет және сүт өнеркәсібі министрі болып істеді.
1986—1987 жылдары Қазақ мал азығы және жайылым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып күн көрді.
1987 жылы зейнетке шықты.
Талдықорған облысының №666 Талдықорған сайлау округі атынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылым депутаты (1974-1979). Одақ Кеңесінің Халықтық білім, ғылым және мәдениет жөніндегі комиссия мүшесі.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-10 шақырылымдары депутаты.
Сілтеме Әріпбай Әлібайұлы. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы. КОКП XXV съезі делегаттарының тізімі
Дереккөздер
Санат:Алматы облысында туғандар Санат:Алматы зооветеринарлық институтының түлектері Санат:Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Одақ Кеңесінің 9-шақырылым депутаттары Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған Одақ Кеңесінің депутаттары Санат:КОКП XXV съезінің делегаттары Санат:Алматы облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Павлодар облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Одақ Кеңесінің Халықтық білім, ғылым және мәдениет жөніндегі комиссия мүшелері Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары