Макаронизм — сықақ-әзіл тудыру мақсатында өздерінің табиғи қолданылуынан өзгертіліп, бұрмалап айтылатын басқа тіл сөздері. Макаронизмді араластыра сөйлеу арқылы макароникалық, стиль (итал. stile maccheronico) қалыптасады. Мысалы: Еннатайына кәлкаусар, Пошол дереу күнәкәр. Аяғын ойлап айтқаны, Әні-шаны құлаптар " (Абай). Мәтіндегі "еннатайына кәлкаусар" арабтың инна агтайна кәлкәусар (кәусәр суын саған береміз), пошол орыстың пошел (кет), "әні-шаны құлаптар" арабтың иннә шәниака һуал абтар (олай болмаса, бәрінен сымпиып бос каласың) сөздерінің бұрмаланған түрлері. Ақын осылар арқылы надан адамды келемеждеп отыр.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын-Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
Дереккөздер
Санат:Лингвистика