"Жоқ" және "иә" сөздері - грамматикалық, стилистикалық қолданылуы жағынан ерекшеленіп тұратын сөздер. Ауызекі сөйлескенде сөйлем ретінде кездеседі. Диалог сөздерде көбінесе сөйлемнің басында тұрады да, өздерінен кейінгі сөздерден үтірмен ажыратылады.
Мысалы: — Кешіккен жоқ па ?
— Жоқ.
— Өзіңіз сөйлесесіз бе?
— Иә, өзім сөйлесем (Ә. Нұрпейісов). Кейде бұл сөздер қарсылық мәнінде көтеріңкі айтылып, соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы:
— Ділдә демексің бе?
— Иә! Ділдә болса қайтушы еді? (М. Әуезов).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Лингвистика