Ауыр атлетикаЖолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақша-орысша, ISBN 9965-822-48-4 — әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, гір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. Ауыр атлетикадан әлем (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Сілке көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 жылы өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Бейжің) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары атанған. Балалар Энциклопедиясы, II- том

Салмақ категориялары Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ категорияларда жарыстар өткізіледі:

Еркектер 56 кг дейін 62 кг дейін 69 кг дейін 77 кг дейін 85 кг дейін 94 кг дейін 105 кг дейін 105 кг жоғарыӘйелдер 48 кг дейін 53 кг дейін 58 кг дейін 63 кг дейін 69 кг дейін 75 кг дейін 75 кг жоғары —

Еркектер

Категория1905–19131913–19461947–19501951–19681969–19761977–19921993–1997с 1998Аса жеңіл салмақ————52 кг дейін52 кг дейін54 кг дейін—Жеңілірек салмақ——56 кг дейін56 кг дейін56 кг дейін56 кг дейін59 кг дейін56 кг дейінЖартылай жеңіл салмақ—60 кг дейін60 кг дейін60 кг дейін60 кг дейін60 кг дейін64 кг дейін62 кг дейінЖеңіл салмақ70 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін70 кг дейін69 кг дейінЖартылай орта салмақ80 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін76 кг дейін77 кг дейінОрта салмақ—82,5 кг дейін82,5 кг дейін82,5 кг дейін82,5 кг дейін82,5 кг дейін83 кг дейін 85 кг дейінЖартылай ауыр салмақ———90 кг дейін90 кг дейін90 кг дейін91 кг дейін94 кг дейінАуыр салмақ80 кг жоғары82,5 кг жоғары82,5 кг жоғары90 кг жоғары110 кг дейін100 кг дейін99 кг дейін105 кг дейінБірінші ауыр салмақ—————110 кг дейін108 кг дейін—Аса ауыр салмақ————110 кг жоғары110 кг жоғары108 кг жоғары105 кг жоғары

Ішкі сілтемелер Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты

Дереккөздер

Санат:Ауыр атлетика

ang:Ȝearƿung (indryhtu)#Strengþuȝearƿung