Түйдек зақым ошағы () — жаппай зақымдаушы қарудың екі немесе одан да көп түрінің, сондай-ақ қарсыластың басқа да шабуыл құралдарының әрекет-әсері нәтижесі шегінде жерді және ондағы объектілерді зарарсыздандырумен байланысты құтқару және авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап ететін күрделі жағдай пайда болған аумақ. Түйдек зақым ошағы адамдардың сан-қилы зақымдарға ұшырауымен, радиоактивті, химиялық, биологиялық, (бактериологиялық) зақымдану аймақтарының болуымен сипатталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс