Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ортаның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы болып табылады. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәселелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерттейдіі. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласынының жетекші мамандар болып А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий деп саналады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні - қиын, қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға, әртүрлі отбасыларына, балаларға көмек көрсету және түрлі мәселелердің алдын алу; оларға өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен қабілет-ынтасы негізінде одан әрі дамуына жәрдем ету.
Дереккөздер
Санат:Педагогика Санат:Терминология