Альфред Давыдович Кагарлицкий (1 сәуір 1931 ж.т., Ресей, Сахалин облысы Тымовское ауданы Тымовское с.) – химия ғылымдарының докторы. (1976), профессор (1991), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері.
ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1954–83) Қазақстан ғылым академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының орынбасары (1983–89) болды. 1989 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде профессор, кафедра меңгерушісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фитохимия институтында ғылыми кеңесші (1999) қызметтерін атқарды.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері тотығу мен гидролиздің орайластырылған катализдік реакцияларын зерттеуге, пестицидтер мен дәрілік препараттар алу технологиясын жасауға арналған. 220-дан астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы. 30-ға жуық авторлық куәлігі бар.
Дереккөздер
Санат:1931 жылы туғандар Санат:1 сәуірде туғандар Санат:Сахалин облысында туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері