Мықтылардың тіршілік етуі - Герберт Спенсер енгізген және өзінің «Түрлердің шығу тегі» еңбегінде (1859) Дарвинмен көрсетілген нақыл сөз.
Бұл теория бойынша: кез-келген түрдегі ұдайы өндіріс нәтиженің сипаттамаларында табиғи өзгерістердің белгілі бір дәрежесін меңзейді; бір түрдің кейбір мүшелерінен басқа да осындай өзгерістер болмаған мүшелеріне қарағанда тіршілік ету қабілеттілігін арттырған кез-келген өзгеріс, ұдайы өндіріс мүмкіншіліктері үшін позитивті таңдалып алынуы мүмкін болды; көптеген мыңжылдықтар бойы осы үрдіс қарапайым ағзалардан күрделілердің дамып шығуына және алғашқы ағзалардың азғана санынан көптеген диверсификациясына алып келді. «Мықтылардың тіршілік етуінің» социал-дарвинизмді қоспағандағы әлеуметтанудағы нақты қолданысы аз.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Саясат әлеуметтануы
ta:தக்கன பிழைக்கும்