Әлімбет — Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы ауыл, Әлімбет ауылдық округі орталығы. Іргесі 1929 жылы қаланған.

Географиялық орны Аудан орталығы - Бадамша ауылынан солтүстікке қарай 47 км-дей жерде, Атырау - Орск темір жол бойында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1016 адам (499 ер адам және 517 әйел адам) болса, 2009 жылы 1152 адамды (570 ер адам және 582 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 837 адамды (445 ер адам және 392 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Орта мектеп, аурухана, клуб бар. Орыс-Қазақ шекарасынан 9 км жерде, А-25 тас жолы орналасқан орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қарғалы ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері