Бақтыбай Айнабеков (1949 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасы) - ақын, жазушы.
Өмірбаяны Еңбек жолын осы Жаңақорған ауданында аудандық радио хабарын таратуды ұйымдастырушылықтан бастады. 1969 жылы Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» газетінің еңбекші хаттар бөлімінің меңгерушісі. 1974 жылдан Жаңақорған аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы. 1975 жылдан Қазақстан Компартиясы Жаңақорған аудандық комитетінің нұсқаушысы, соңынан саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болған. 1981 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінің партия тұрмысы және насихат бөлімінің меңгерушісі болды. республикалық Баспасөз комитетінің Қоғамдық саяси және ауыл шаруашылығы әдебиеттері бөліміне жетекшілік етті. 1983—1998 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан» теледидарында комментатор, насихат хабарларының Бас редакторы, қоғамдық саяси творчестволық бірлестіғінің Бас редакторы қызметтерін атқарған. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктер мен байланыс жөніндегі Кеңес хатшылығының консультанты болған. Қазір Қазақстан жазушылар одағының «Жұлдыз» журналы мен Республика Жоғары Соты және Әділет Министрлігінің «Заң» газетінде республикамыздың оңтүстік аймақтарында орналасқан облыстарының меншікті тілшісі. Шығармалары Жыр жинақтары «Арманым менің» «Енші» «Балықшы бала» «Мәңгілік өмір» «Әлмеректің оралуы» «Шүкіршілік» Философиялық еңбектері «Дін мемлекеттен бөлек пе немесе жауапсыз хаттар» «Есігіңді аш, Өкімет пен Үкімет, ДПГ-келіп тұр» «Фалсафа — Алланың аян ілім!» «Бесарық Тұрсынбайды ұмытпайды» «Кім қауіпті?» «Қазақстанның N21 халық емшісі» «Құпия жан» «Менің Жаңақорғандық жерлестерім». Жетістіктері Бірнеше дүркін республикалық ақындар мүшәйрасына қатысып, жүлдегер атанған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:1949 жылы туғандар Санат:Жаңақорған ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері