Қабыршақты (2018 жылға дейін - ПервомайБатыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы) — Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданындағы ауыл, Қабыршақты ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Чапаев ауылынан батысқа қарай 40 км-дей жерде, Көшім жайылмасының сұлыбас, бетеге, еркекшөп өскен жазық, қуаң далалық белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1325 адам (659 ер адам және 666 әйел адам) болса, 2009 жылы 1078 адамды (561 ер адам және 517 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 918 адамды (479 ер адам және 439 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1931 жылы ≪Первомай≫ кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. 1997 жылдан кеңшар негізінде Бірінші мамырда және Үшқұдық ауылында 11 шаруа қожалығы мен серіктестік жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, дәрігерлік амбулаторлық және фельдшер-акушерлік пункттер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Ауыл көшелері Азаттық (1 ферма) көшесі М.Әуезов көшесі Бейбітшілік көшесі Жақсылықов көшесі К.Саттаров көшесі Келешек (Чапаев) көшесі Қазақстан-2050 (Гагарин) көшесі М.Мәметова көшесі Сейфуллин көшесі Т.Бокин көшесі Ш.Сақташев көшесі Ынтымақ (Киров) көшесі

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері